kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА ОБЛЫСТЫҚ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

12 июня, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Қоғам
0
КЕНТАУДА ОБЛЫСТЫҚ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала күндерін тойлау — бұл тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар қаланың мәдениеті мен тарихын дәріптеу, тұрғындардың бірлігін нығайту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу сияқты маңызды мақсаттарды көздейтін іс-шара. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала күнін мерекелеуге қатысты бірнеше рет пікір білдірген. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қала мерекелерін тұрғындардың бірлігі мен патриоттық рухын нығайтатын маңызды шаралар ретінде бағалайды. Мерекелер барысында ол қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымдық жобаларға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударады. Қала күндерін ұйымдастыру кезінде Президенттің қалаларды дамыту жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, мерекелік бағдарламаларды жоспарлау орынды болмақ. Осыған орай, Кентау қаласы Хантағы ауылы «Қаратау» ұлттық қорығында Кентау қаласының 70 жылдығына  арналған «Кентау-70 жыл»  облыстық суретшілер симпозиумы байқауы ұйымдастырылды.

Қаратаудың алтын тәжі, қазыналы мекенде табиғаттың тылсымы мен сұлулығына тамсанып, сол арқылы шығармашылықтың шыңына жетуді көздеген он  төрт ауданнан  келген қылқалам шеберлері бақ сынады.

Шараның мақсаты — Кентау қаласының 70 жылдық мерекесін атап өту барысында өңірдің көркем табиғатын облыс көлемінде  таныту, «Қаратау»  қорығының табиғатынан шабыт алған кәсіби суретшілерге жаңаша тыныс сыйлау, қазіргі қылқалам шеберлеріне қолдау көрсету, бейнелеу өнерінің дамыту, тың серпіліс беріп жандандыру болатын.

Симпозиум екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша Суретшілер симпозиумға өздері алдын ала салынған кез келген тақырыптағы дайын 2 туындысын ұсынды. Олар көрме ретінде қойылды. Алдын ала салынған екі  суреттің бірі міндетті түрде Түркістан облысының табиғаты бейнеленген болуы  ескерілді.

Екінші кезең бойынша қатысушылар «Қаратау» қорығының табиғатын өздері қалаған сурет салу техникасын қолдана отырып берілген уақыт ішінде біріңғай А2 форматтағы қағазға салып ұсынды.

Қазылар алқасының құрамында Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының «Халық шығармашылығын қамтамассыз ету» бөлімінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі»  Зағипа Өмірзақова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі  Мұрат Шаханбаев, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Омар Бабажанов төрелік етті.

Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені  Шардара ауданынынан келген суретші Санжар Тоқсанбаев, I орынды — Кентау қаласынан  Болат Исабеков,

II орынды — Түркістан қаласы Серік Кинабаев және Отырар ауданынан Мәлік Әділхан иеленді. III орынды Кентау қаласынан Али Рысымбетов, Арыс қаласынан Сымбат Асылбай, Түлкібас ауданынан Нұржан Ахылбеков өзара бөлісті.

Байқауға қатысушы барлық жеңімпаздар  қаржылай сыйлықтармен  марапатталды.

Алдыңғы жаңалық

ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ - ТЕРМЕ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ – БЕТБҰРЫС» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі