kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

12 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент қауіпсіздік саласын мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі деп санайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік мәселелері бойынша бірнеше нақты тапсырма берді:

  1. Балалар қауіпсіздігі:

– 2023 жылғы Жолдауында зорлық-зомбылық пен буллингке ұшыраған балаларға кешенді көмек көрсету бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл бағдарлама медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек түрлерін қамтиды.

  1. Ұлттық қауіпсіздік:

– 2025 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейтуді және ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік салаларында нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды.

  1. Құмар ойындармен күрес:

– 2023 жылы Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.

  1. Ақпараттық қауіпсіздік:

– Жалған ақпарат тарату мен арандатушылық әрекеттердің алдын алу үшін ақпараттық кеңістіктегі жұмысты күшейтуді және құқық қорғау органдарына кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

  1. Терроризмге қарсы іс-қимыл:

– 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде террористік әрекеттерге қарсы жедел шаралар қабылдауды және арнайы операциялар жүргізуді тапсырды.

Бұл тапсырмалар Президенттің қауіпсіздік саласына ерекше назар аударатынын көрсетеді.

Осы тапсырмалар негізінде, Кентау қаласы тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға, қалалық прокуратурасы, қалалық полиция бөлімі, сондай-ақ қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мен білім бөлімі, қалалық жастар ресурстық орталығы қатысты.

Кездесуді қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова ашып, тұрғындарға өзекті мәселелер жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Жалпы кездесуде бірқатар мәселелер көтерілді. Олар:

  1. Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу. Жаз мезгілінде мұндай оқиғалар жиілейтіндіктен, ата-аналарға сақтық шараларын сақтау, терезелерге қорғаныш тор орнату қажеттілігі ескертілді.
  2. Су айдындарындағы қауіпсіздік . Шомылу маусымы кезінде суға түсудің қауіпсіз тәртіптері мен судағы төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
  3. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің міндеттері, балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды.
  4. Орман және дала өрттерінің алдын алу. Құрғақ әрі ыстық кезеңде табиғи өрттердің алдын алу, ашық алаңда от жақпау, тұрмыстық қалдықтарды бақылаусыз тастамау жөнінде ескерту жасалды.

Мамандар тұрғындарға нақты ұсыныстар беріп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Мұндай кездесулер қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр азамат өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет.

Бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ – БЕТБҰРЫС» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Келесі жаңалық

СЫРЫ ТЕРЕҢ - САУРАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі