kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саураным – сырлы мекенім

17 июня, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият
0
Саураным – сырлы мекенім
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Өнерлі өлке – 2025» фестивалі аясында Сауран аудандық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен ауқымды тақырыптарды қамтыған мазмұнды кітап көрмелері оқырман назарына ұсынылды.

Мақсаты – ұлттық мұраларымызды дәріптеу, елдік сананы арттыру, тұлғалар тағылымын тануға жол ашу.

Көрме бірнеше тақырыптық бөлімдерден тұрды:

«Саураным – сырлы мекенім» – Сауран өңірінің тарихи-мәдени келбеті, шежірелі тұлғалары, өлкеден шыққан ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің еңбектері жинақталған. Саураным – тек тарих емес, өнер мен руханияттың ордасы екенін дәлелдейтін айрықша көрме бөлігі болды.

«Ассамблея – достықтың діңгегі» бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік пен бірлік жолындағы үлесі, еліміздегі ұлттар достығы, татулық пен келісім тақырыптары қамтылды.

«Ұлы Дала елінің ұлы хандығы» – қазақ хандығының құрылуы, хандар шежіресі, мемлекеттіліктің бастауы мен даму жолы жайлы тарихи еңбектер қойылып, Тәуелсіздікпен жалғасқан тағылымды тарих таныстырылды.

«Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты бөлімде хәкім Абайдың рухани мұрасы, өлеңдері мен қара сөздері, философиялық терең ойлары, ақын шәкірттері мен ұрпаққа қалдырған аманаты ұсынылды.

«Шығыстың шамшырағы – Әл-Фараби» көрме сөресінде ұлы ойшылдың еңбектері, ғылыми-философиялық мұралары, әлемдік өркениетке қосқан үлесі баяндалды. Оқырмандар ұлы ғалым жайлы қызықты деректермен танысты.

«Мәңгілік даңқ, мәңгілік тағзым» бөлімінде Ұлы Отан соғысы және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған әдебиеттер ұсынылды. Бұл – өткенге тағзым, ерлікке бас иу, ұлттың қайсар рухына құрмет көрсету алаңы болды.

Кітап көрмелері арқылы оқырмандар ел тарихының маңызды кезеңдерімен, тұлғалардың өмір жолымен, мәдени мұрамызбен жақынырақ танысып, рухани азық алды. Іс-шара елдік сана мен мәдени құндылықтарды ұлықтауда үлкен маңызға ие болды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ ТРИУМФ: САУРАНДЫҚТАР КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі