kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ АУЛАЛАРДЫ АРАЛАП, ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

23 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ АУЛАЛАРДЫ АРАЛАП, ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қ.Тоқаев халықпен тікелей кездесудің маңыздылығын бірнеше рет атап өткен. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжрымдамасы — оның басты саясатының өзегі.

Президенттің тапсырмалары мен нақты ұстанымдары:

1. Халықпен диалог орнату – билік міндеті:
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл елдің әр азаматының сөзі еленетін, әрбір сұранысына дер кезінде жауап беретін билік жүйесі болуы тиіс.

2. Тікелей кері байланысты күшейту:
Президент барлық деңгейдегі әкімдерге, мемлекеттік органдарға халықпен кері байланыс орнатуды, арыз-шағымдарға жедел әрі ашық жауап беруді тапсырды.

3. Цифрлық құралдарды дамыту:
Мемлекеттік қызметтер мен өтініштерді қарау процестерін цифрландыруды және «ашық әкімдік» форматтарын кеңейтуді міндеттеді.

4. Қоғамдық кеңестер мен азаматтық бақылау:
«Біз азаматтық қоғамды дамытуға мән беруіміз керек. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру – бұл тұжырымдаманың нақты бір тетігі.»

5. Нәтижеге жұмыс істеу:
«Бюрократия азайып, әрбір мемлекеттік қызметші нақты іске жауапты болуы тиіс. Бұл тұжырымдама – билік пен қоғам арасында сенімге негізделген жаңа форматтағы қатынасты қалыптастыру тапсырмасы.

Президенттің осы тапсырмалары мен тұжырымдамалары негізінде, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала аумағындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үй аулаларын аралап, жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Бүгінде, Абай даңғылы №19, 23 және Әл-Фараби көшесі №61, 63, 63А, 65А/1, 65А/2, 65А/3, 69 мекен-жайларындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы орташа жөндеу жұмыстары басталған.
Сонымен қатар, Шүлембаев көшесі №4, 8, 10, Т.Рысқұлов көшесі №1, 3, 5, 7, 9, Каленов көшесі №1, 3, 5, 7, 9, Ы.Алтынсарин көшесі №4, 8, 10 мекен-жайларындағы аулаларға жол жиек тастары орнатылып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Аралау барысында қала тұрғындарымен тілдескен қала басшысы олардың пікірлеріне назар аударды. Тұрғындар балалар ойын алаңшасын жаңарту, аула ішіндегі автотұрақ мәселесін шешу және аулалардағы абаттандыру жұмыстарын жандандыру жөніндегі өз өтініштерін жеткізді.
Қала әкімі Жандос Тасов тұрғындардың барлық өтініштері мен ұсыныстары міндетті түрде назарға алынатынын айтып, жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, барлық жөндеу жұмыстарының сапалы, әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

“КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ” АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУ: МӘМС аясында оңалту қызметін кімдер пайдалана алады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі