kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДРОНДАРЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ

3 июля, 2025
in Жаңалықтар, Саясат, Экономика
0
САУРАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДРОНДАРЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын өнеркәсіптік парктер ашу туралы бірнеше рет нақты тапсырмалар берді. Негізгі мазмұны төмендегідей:

  1. Жергілікті кәсіпкерлікті қолдау:

«Әрбір облыста, ірі қалада шағын өнеркәсіптік парктер құрып, жастар мен кәсіпкерлерге жағдай жасау қажет», – деді Президент.

  1. Жұмыс орындарын ашу:

Шағын өндірістік аймақтар арқылы халыққа, әсіресе жастар мен әйелдерге арналған тұрақты жұмыс орындарын құруды тапсырды.

  1. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету:

Үкімет пен әкімдерге парктерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, жарық, газ, жол) қамтамасыз етуді міндеттеді.

  1. Әлеуметтік маңызы бар өндірістер:

Мұндай парктерде жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, аяқ киім, тамақ өнеркәсібі сынды қолжетімді өндірістер шоғырлануы тиіс.

  1. Мемлекеттік қолдау:

Президент арзан жалдау, салықтық жеңілдіктер, гранттар мен жеңілдетілген несие беру арқылы бұл жобаларды қолдауды тапсырды.

«Шағын өндірістік парктер – өңірлік экономиканың қозғаушы күші. Олар халықтың кәсіпкерлікпен айналысуына нақты мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кететін жәйт, жалпы Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Аймақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы өте сәтті жүзеге асып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы аталған өндірістік паркті аралап, жүзеге асырылған және енді іске қосылатын жобалармен танысты. Жауаптыларға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

– Біздің басым бағытымыз – өндіріс орындарын ашу. Одан басқа жол жоқ. Өндірістік парктегі әрбір ғимаратта өндіріс орындары жедел іске қосылып, жұмыс орындары ашылуы тиіс. Ал ғимаратты алып, жобаны кешіктіргендермен жұмыс жүргізіңіздер. Нысанды басқа инвесторлар мен кәсіпкерлерге ұсыну қажет. Жұмыстар жоспардан кешікпеуі керек, – деді Нұралхан Көшеров.

Облыс әкімі «AVATAR AGRICULTIRAL TECHNOLOGY DEVELOPMENT» компаниясының өндіріс орнында болды. Бұл компаниямен жыл басында ауыл шаруашылығы дрондарын шығаратын зауыт ашу бойынша келісім жасалған болатын. Жобаның болжамдық құны – 5 млн. АҚШ доллары. Қуаттылығы айына – 600 дана. Бүгінде қытайлық инвестор ғимаратты өндіріске бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтарын жеткізе бастады. Жұмыстың басым бөлігін негізінен роботтар атқарады деп күтілуде. Өңір басшысы инвестормен пікір алмасып, жобаға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Аталған зауыт ашылған соң елімізді ауыл шаруашылығы дрондарымен қамтуды көздеп отыр.

Өңір басшысы ауыл шаруашылығы техникаларын, тұрмысқа қажетті пакет шығаратын, жиһаз өндіретін және өзге де кәсіпорындарды аралап көрді. Жылу қазандықтарын құрастыру жоспары да пысықталды. Кәсіпкерлер мен инвесторлар жұмысты бастауға қолайлы жағдай ұсынған облыс әкімдігіне ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта өндірістік парк жаңа жобалармен толығады деп жоспарланып отыр.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН: ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЗАУЫТТАР МЕН КӘСІПОРЫНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Келесі жаңалық

САУРАН: ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі