kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» – БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

8 июля, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Спорт, Әлеумет
0
САУРАН: «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» – БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы мен Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, екі өңір жастарының басын қосқан «Ынтымағы жарасқан жастар» атты командалық жарыс жоғары деңгейде өтті. Бұл кездесуде жастардың белсенділігі мен бірлігі айқын көрінді.

Шараның басты мақсаты – екі өңірдің жастары арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру, ортақ тарих пен мәдени тамырды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты қалыптастыру және оларды қоғамдық өмірге белсенді тарту болды.

Кездесуге Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейітжанов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, Кентау қаласы прокурорының орынбасары Бекжан Балқыбеков, Сауран ауданының прокуроры Алмаз Асылбеков, екі өңірдің зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Жиын барысында, Сауран мен Кентау  – тарихы тамырлас, тағдыры үндес өңір екені айтылып, бірлігі бекем елдің ғана болашағы жарқын болатыны сөз болды. Аға буын жастарға ақ батасын беріп, үлкен үміт артты.

Жарыс барысында қатысушылар түрлі интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты.

Жарыстың ерекшелігі – бірлік пен серіктестікке негізделген командалық ойындар арқылы жастардың өзара түсіністігі мен қолдауы арта түсті. Әр кезең жарқын эмоция мен достық ахуалға толы болды.

Үздік нәтиже көрсеткен командалар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай шаралар — жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті дарытудың жарқын үлгісі болып табылады.

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІП, БІРҚАТАР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАДЫ

Келесі жаңалық

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі