kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

11 июля, 2025
in Жаңалықтар, Саясат, Экономика, Әлеумет
0
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында инфрақұрылымдық және коммуналдық қызмет сапасын арттыру мақсатында жаңа арнайы техникаларды табыстау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында қалаға жеткізілген 21 жаңа техника коммуналдық мекемелерге тапсырылуға дайын. Бұл техникалар – 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде алынған 29 бірлік техниканың алғашқы бөлігі. Қалған 8 техника (оның ішінде газель, манипулятор, автовышка, КамАЗ, 3/1 трактор) жинақталып жатыр.

Тапсыруға дайын техникалар тізімі:

— Қоқыс тазалайтын автокөлік – 7 дана;

— Қар тазалайтын автокөлік – 5 дана;

— Аяқ жол сыпыратын трактор – 4 дана;

— Вакуумдық автокөлік – 2 дана;

— Сарқынды су желісін тазалайтын көлік – 1 дана;

— Погрузчик – 1 дана;

— Грэйдер – 1 дана.

Қазіргі таңда Түркістан қаласының аумағында Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне қарасты мекемелерде 35 техника жұмыс істеп тұр, оның 16-сы жалдамалы. Жаңа техникалар берілген жағдайда коммуналдық қызмет жұмысы едәуір жеңілдеп, қар күреу, көшелерді суғару, жуу, сыпыру, сондай-ақ сарқынды суды тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, жалдамалы техникаларға жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік туады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

Келесі жаңалық

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылдың 6 айындағы жұмыс қорытындысы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі