kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: ЖАҢА ИҚАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘКІМ САЙЛАУЫ БОЛДЫ: ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

14 июля, 2025
in Жаңалықтар, Саясат, Әлеумет
0
САУРАН: ЖАҢА ИҚАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘКІМ САЙЛАУЫ БОЛДЫ: ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерді сайлау жүйесін реформалау бойынша нақты тапсырмалар берген. Бұл бастамалар еліміздегі саяси жүйені демократияландыру және жергілікті басқару органдарының тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Президенттің әкім сайлауы жөніндегі тапсырмалары

— 2020 жылғы Жолдау: Президент Тоқаев алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтерді. Бұл ұсыныс 2021 жылы жүзеге асырылып, ауыл әкімдерін халық тікелей сайлай бастады.

— 2023 жылғы сәуірдегі кеңейтілген кеңес: Мемлекет басшысы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау жүйесін енгізуді тапсырды. Ол үшін қажетті нормативтік базаны және жол картасын әзірлеу қажет екенін атап өтті. Үкімет бұл жұмысты Орталық сайлау комиссиясымен және облыс әкімдерімен бірлесіп жүргізуі тиіс.

— 2024 жылғы Жолдау: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау арқылы ғана қызметке тағайындау жүйесіне толық көшу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам саяси жүйені реформалау ісіндегі маңызды кезең болып табылады.

Президенттің айтуынша, әкімдерді тікелей сайлау азаматтардың жергілікті басқару органдарының жұмысына белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға, халықтың билікке деген сенімін арттыруға және әкімдердің халық алдындағы есептілігін күшейтуге бағытталған.

Осы нақты тапсырмалар мен реформа, бастамаларды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 13 шілде күні, Түркістан облысы Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылдық округінде ауыл әкімі сайлауы болып өтті. Ел болашағы мен жергілікті басқарудың сапасына бейжай қарамайтын тұрғындар таңертеңнен бастап дауыс беруге келіп, белсенділік танытты.

Жалпы округ бойынша халық саны — 7 871 адам. Екі елді мекен кіретін округте екі сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру процесін 18 мүшеден тұратын сайлау комиссиясы қадағалап отырды. Сайлаушылар тізіміне 4 263 азамат енгізілген.

Жаңа Иқанда әлеуметтік инфрақұрылым жақсы дамыған: 4 мектеп, 5 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 2 дәрігерлік нысан, 1 пошта бөлімшесі, 1 полиция тірегі жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласымен айналысады.

 

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі