kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚҰДЫҚТАР ҚАЗЫЛУДА

15 июля, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Әлеумет
0
САУРАН: СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚҰДЫҚТАР ҚАЗЫЛУДА
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен және техникалық сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларында және Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында су тапшылығы проблемасына тоқтала келе, жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, Президент әрбір ауылдың жағдайына байланысты тиімді шешім қабылдауды – су құбыры тарту немесе жергілікті деңгейде құдық қазу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл ретте су тапшылығын азайту, шаруашылықты қажетті ресурспен қамту және халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктеріне нақты шаралар қабылдау жүктелді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, өңірлік деңгейде ұңғымалар қазу, жер асты су қорларын зерделеу және тиімді пайдалану, сондай-ақ су инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Жалпы Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округінде 3207 гектар егістік алқап бар. Биылғы вегетациялық кезеңде ағын судың тапшылығы сезіліп, Түркістан магистральды каналынан келетін су көлемі азайған. Осыған байланысты, ауыл әкімдігінің бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен егістік жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында құдық қазу жұмыстары басталды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Қарашық ауылдық округіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жергілікті шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Құдықтар арқылы судың тұрақты жеткізілуі – егіннің шығымдылығына тікелей әсер ететінін айтқан әкім, мәселені ұдайы бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Қазіргі таңда құдық қазу жұмыстарына 1 дана ЛК техникасы мен 1 экскаватор жұмылдырылған. Жоспарға сәйкес, әрбір құдық егістік алқаптың нақты су қажеттілігіне қарай қазылуда. Бұл – судың тоқтап қалған кезеңдерінде шаруалардың өнімін сақтап қалуға бағытталған тиімді шешім.

Аудан әкімінің айтуынша, алдағы уақытта басқа да ауылдық округтердегі су тапшылығы мәселелерін шешу үшін балама тетіктер қарастырылып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі жаңалық

Созақ: Патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық үрдісі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі