kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: “БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

15 июля, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Әлеумет
0
САУРАН: “БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жастар арасындағы агрессиялық, зорлық-зомбылық және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Сауран ауданында мектеп оқушылары арасында “Буллинг және кибербуллинг” тақырыбында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдерге әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың салдары туралы толық мағлұмат беру, олардың алдын алу жолдарын түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Кездесу барысында — зорлық-зомбылық, тұлғаның жеке өміріне қол сұғушылық, азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі екендігі және басқа да тұрғыдағы заңға қайшы әрекеттерді байқаған немесе осы жағдайларды бастан кешіп жатқан тұлғалар болса, құқық қорғау органдары тарапынан берілетін заңдық көмектерге жүгіне алатындағы жайлы айтылып, түсіндірілді.

Сонымен қатар, жастарға зорлық- зомбылық жайлы мағлұмат беріп, жастарымыздың жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу және адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал етуіміз қажет екендігі айтылды.

Аталған іс-шара жасөспірімдердің құқықтық санасын көтеруге және жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алуға бағытталған.

 

 

Алдыңғы жаңалық

Созақ: Патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық үрдісі

Келесі жаңалық

Сауран: «Жастар денсаулығы және АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі