Түркістан қаласында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өмір сапасын арттыру мақсатында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Аталған санаттағы азаматтардың жалпы саны – 12 031 адамды құрайды.
Мүгедектігі бар тұлғалардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында:
– 11 инватакси,
– 4 әлеуметтік такси тұрақты негізде қызмет көрсетуде.
2025 жылдың басынан бері:
– инватакси қызметіне – 250 өтініш,
– әлеуметтік такси қызметіне – 60 өтініш қабылданып, тиісті деңгейде қанағаттандырылды.
Аталған шаралар мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, олардың әлеуметтік бейімделуіне және тең мүмкіндіктерге қол жеткізуіне бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

