kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home ДЕНСАУЛЫҚ

Кентау: Қызыл жалын — адам өмірі мен мүлкіне төнген қауіп

24 июня, 2025
in ДЕНСАУЛЫҚ, Жаңалықтар, Әлеумет
0
Кентау: Қызыл жалын — адам өмірі мен мүлкіне төнген қауіп
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өрт – бұл адам өмірі мен денсаулығына, жеке және мемлекеттік мүлікке, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулі қауіп төндіретін қауіпті жағдай. Өрт оқиғалары көбіне өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы салдарынан туындайды.

Бұл өзекті мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы елімізде орын алып жатқан өрт оқиғаларының жиілегенін ескере отырып, тиісті мемлекеттік органдарға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Атап айтқанда, Президент:

— Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен алдын алу жұмыстарын күшейтуді;

— Орман, дала және тұрғын үй секторларында өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді;

— Төтенше жағдайлар қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды;

— Қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруды және жедел әрекет ету тетіктерін жетілдіруді міндеттеді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар жүктелді.

Президенттің айтуынша, әрбір өрт оқиғасы – жауапсыздықтың, бейқамдықтың және бақылаудың әлсіздігінің көрінісі, сондықтан осындай келеңсіз жайттарға жол бермеу үшін тиісті органдар нақты әрі тиімді шаралар қабылдауы тиіс.

Осыған байланысты өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің, сондай-ақ әрбір азаматтың ортақ міндеті болып табылады. Тұрғын үйлерде, білім беру және денсаулық сақтау нысандарында, өндірістік ғимараттарда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі кепілі саналады.

Осы ретте, Кентау қаласының ТЖ бөлімі барлық тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, бейжай қарамауға шақырды. Олар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін ескертіп, қауіпсіздікті өзімізден бастауымыз керек деп ой-пікірлерін білдірді. Мамандар барлық қала тұрғындарын кез-келген төтенше жағдай орын алған кезде, шұғыл түрде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін атап өтті. Әрбір азамат төтенше жағдай туындаған кезде тиісті әрекет ету тәртібін білуі және жауапкершілік танытуы қажет.

Осылайша, Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен төтенше жағдайлар қызметі бірлесе жұмыс жасап, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Олар барлық мектеп, аула, сондай-ақ қоғамдық орындарда арнайы осы тақырыпта дайындалған парақшаларды таратып, бейнероликтер көрсетуде. Бұл іс-шаралар тұрғындарға толық ақпарат беру мақсатында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, өрттің шығуына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық шаралар күшейтілуде.

 

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ: МӘМС аясында оңалту қызметін кімдер пайдалана алады?

Келесі жаңалық

Кентау: Салауатты өмір салтын ұстану - өмірдің мағынасын аша білу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі