Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы институтының қоғамдағы орны мен маңызын ерекше атап өтіп, отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды сақтаудың өзектілігіне бірнеше рет тоқталған. Президенттің тапсырмалары мен пікірлері ресми құжаттар мен Жолдауларда нақты көрініс тапқан.
Президенттің пікірі:
«Отбасы – қоғамның алтын діңгегі. Ұлттық құндылықтар отбасы тәрбиесінен бастау алады. Біз өскелең ұрпақты адамгершілік пен отансүйгіштікке баулитын орта қалыптастыруымыз керек» – деп, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өтті.
Нақты тапсырмалары:
- Отбасы институтын нығайту жөнінде:
— Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне отбасы тәрбиесінде ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін оқу-әдістемелік бағдарламаларды әзірлеуді тапсырды.
- Жастар мен жасөспірімдер арасындағы тәрбиелік жұмысты күшейту:
— Мектептерде ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бірлескен жобаларды іске асыру туралы тапсырмалар берілді.
- Қоғамдық тұрақтылықты сақтау мақсатында:
— Жергілікті атқарушы органдарға отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу, қолдау орталықтарының жұмысын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.
- Азаматтық қоғам институттарына:
— Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, отбасы тәрбиесіне қатысты ақпараттық-ағартушылық жобаларды кеңінен қолдауды міндеттеді.
Бұл тапсырмалар Мемлекет басшысының отбасылық құндылықтарды ұлттың негізі ретінде көретінін және тәрбиелік жұмыстың стратегиялық маңызы бар екенін көрсетеді.
Осы ретте, Кентау қалалық Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 15 мамыр күні халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында жаңа форматта жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыста төмендегі күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелерге тоқталып өтті.
Күн тәртібінде:
1.Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар;
- «Сенімді қарым-қатынас»- бақытты балалық шақтың кепілі. Жиналыс барысында мектеп психологтары тарапынан әр түрлі мәселелер қаралды.
— Балалардың жазғы уақытта қауіпсіздігін сақтау; (жолда, суда, қоғамдық орындарда)
— Интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіптер туралы ескерту;
— Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары;
— Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары;
— Ата-аналардың бақылауы мен қолдауының маңызы туралы кеңінен талқыланып, айтылды.
Жиналыс соңында биылғы мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара жоспарымен таныстырып, баланың өмір қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

