Оңалбек Бағланбек Бақбергенұлы -облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшысы. 2000 жылдың 23 мамырында Түркістан қаласы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Парадзюдодан Қазақстан Республикасы кубогы мен чемпионатының жеңімпазы (Алматы обл. 2024ж). ҚР VI Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Ақтөбе қ. 2023ж). Азия чемпионатының командалық жеңімпазы (Астана қ. 2023ж). Әлем кубогының қола жүлдегері (Тбилиси Грузия 2025ж).
Парадзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Астана қ. 2025ж). Жаттықтырушысы — Шавкат Ешматов.


