kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

31 июля, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Саясат, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен жоспарға сәйкес кезекті комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен, жайсыз отбасыларға көмек көрсету және жазғы шомылу маусымындағы оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе аясында Түркістан қаласы полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.Сапарбеков және «Отбасын қолдау орталығының» директоры М.Досыбекова баяндама жасады.
Баяндамашылардың мәліметінше, орталыққа Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобы тарапынан 68 жайсыз отбасының тізімі жолданған. Оның ішінде 42 отбасыға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, олардың әлеуметтік жағдайы мен қажеттіліктері анықталған. Нәтижесінде әр отбасыға жеке қолдау жоспары әзірленіп, 33 бағыт бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, 9 отбасы көмектен бас тартқан.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары А.Алпыспаев жазғы шомылу маусымындағы және көпқабатты үйлерден құлау жағдайларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Атап айтқанда, Яссы, Отырар, Бірлік секторларында 2360 үй араланып, 11 850 тұрғынға қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлермен бірлесіп тегін шомылу мүмкіндігін қарастыру мақсатында меморандумдар жасалған.
Жиын барысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жаңа өзгерістер мен маусымдық екпелер туралы ақпарат берілді.
Жиын соңында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері

Келесі жаңалық

Түркістан: Бекзат мөлтек ауданында тағы бір отбасы баспаналы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі