kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 7 АЙДА 7 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

15 августа, 2025
in Жаңалықтар, Саясат, Экономика, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА 7 АЙДА 7 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қалалық Мансап орталығы 2025 жылдың алғашқы жеті айында жоспарлы межелерін абыроймен орындап, өңірдегі еңбек нарығының тұрақты дамуына елеулі үлес қосты. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және азаматтарды тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылданды.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жалпы 7 434 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 4 795-і – тұрақты, ал 2 639-ы – уақытша жұмыс орындары. Бұл көрсеткіш қала экономикасының белсенділігін арттырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға сеп болды.

Еңбек бағыты бойынша Түркістан қаласында 3 365 бос жұмыс орны ұсынылса, қосымша 1 547 субсидияланған жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1 225– қоғамдық жұмыстар, 233 – жастар практикасы, 25-алғашқы жұмыс орны, 42- «Күміс жас» бағдарламасы аясындағы орындар және 32– әлеуметтік жұмыс орындары болып табылады.

Ұлттық жоба мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында 320 жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, «10 мың тұрғынға – 100 орын» бағыты бойынша 1 234 жұмыс орны ашылып, 69 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

Түркістандық әрбір азаматтың тұрақты табысқа қол жеткізуіне жағдай жасау – Мансап орталығы жұмысының басты бағыты болып қала береді. Осы мақсатта алдағы кезеңде де жаңа жобалар іске асырылып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер кеңейтілетін болады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: “Мектепке жол” акциясы аясында жәрмеңке өтеді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ТРЕНИНГІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі