kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САУРАН АУДАНЫНДА

15 октября, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Әлеумет
0
АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САУРАН АУДАНЫНДА
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облыстық прокуратурасы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе аудан, қалаларда ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізуде.

Ақпараттық-насихаттық топтың құрамында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Тоққұлова Гүлсара, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Баетов Ерназар.

Осы орайда, бүгін Шорнақ ауылында ақпараттық-насихаттық топ өкілдері аудан тұрғындарымен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, жастармен кездесу өтті.

Жиын барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті нығайту, сондай-ақ жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері талқыланды.
Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қалеке Марат жүргізіп, келген қонақтарды таныстырды.

Келелі кеңесте сөз алған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Тоққұлова Гүлсара, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы орынбасары Баетов Ерназар қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Одан кейін аудан прокуратурасының аға прокуроры Темірбаев Нұрлыбек жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Аудандық білім бөлімінің қызметкері Сәрсенов Нұрсұлтан жас ұрпаққа адалдық пен әділдік құндылықтарын сіңірудің білім беру саласындағы рөлі жайлы айтты.

Жиынды қорытындылаған аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қалеке Марат жастарды ел болашағы жолында жауапты, парасатты және адал азамат болып қалыптасуға шақырды.

Кездесу барысында жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

СЕЙІЛХАН АХМЕТОВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛІП, "САУРАН АУДАНЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН" ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі