kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

2 декабря, 2025
in Жаңалықтар
0
Құрметті Жұмыс берушілер!
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, жұмыс беруші өз қызметкерлерін еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыруға міндетті.

Сіздерге бұған дейін enbek.kz порталы арқылы жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама жіберілген.

Осыған орай, ұйымдарыңызда еңбек қатынасында тұрған қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан сақтандыру бойынша заңда көзделген талаптарды орындауға шақырамыз.

Қызметкерлерді уақытылы сақтандыру — еңбек заңнамасын сақтау ғана емес, сонымен қатар олардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік. Аталған сақтандыру түрін уақытылы рәсімдеу еңбек заңнамасының талаптарын орындауға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушінің заң алдындағы жауапкершілігін төмендетуге септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы, 1-тармағына сәйкес, сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (яғни, 1 179 600,00 теңге) айыппұл салуға әкеп соқса, осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін (яғни, 3 920 000,00 теңге) айыппұл салуға әкеп соғатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Осы бағытта жуық арада тиісті шаралар қабылдап, (қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан сақтандыру шарттарын жасасу арқылы) шарттардың көшірмелерін mei@iturkistan.kz электронды поштасына ұсынуды сұраймыз.

 

 

Құрметпен,

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті

басшысының орынбасары                                        

М.Тулендиев.

Алдыңғы жаңалық

Погонды журналист: Криминалистің бір күні

Келесі жаңалық

Терроризмге қарсы күрес: қоғамның ортақ міндеті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі