Қазіргі заманның ең қауіпті әрі күрделі мәселелерінің бірі – терроризм. Бұл зұлым әрекет тек бір елдің емес, бүкіл адамзаттың бейбіт өміріне де қатер төндіреді. Сондықтан терроризмге қарсы күрес – әрбір мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Терроризм – жазықсыз адамдардың өмірін қиюмен, қорқыныш пен дүрбелең туғызумен ерекшеленетін жауыз әрекет. Ол саяси, діни немесе әлеуметтік мақсаттарды желеу ете отырып, қоғамды тұрақсыздандыруды көздейді.
Қазақстанда терроризмге қарсы күрес жүйелі түрде жүргізілуде. Ел Президентінің тапсырмасымен арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, прокуратура және басқа да құрылымдар тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде.
Терроризмнің алдын алу үшін ең алдымен жастармен тәрбие жұмысын күшейту қажет. Радикалды көзқарастардың таралуына тосқауыл қою – отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі деструктивті ағымдардың ықпалынан қорғау – уақыт талабы.
Қоғам болып бірігіп әрекет етсек қана терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізе аламыз. Күдікті жағдайлар байқалғанда дереу тиісті органдарға хабарлау – әрбір азаматтың парызы.
Орынбек Айдана Қадырбекқызы,
Сауран ауданы әкімдігі «Тілдерді оқыту және дамыту
орталығы» КММ орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы.
