kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Саясат

САУРАН АУДАНЫНДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

10 апреля, 2026
in Саясат, Экология
0
САУРАН АУДАНЫНДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар аудан аумағындағы тегіс және бұталы аймақтарды қамтып, тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Аталған жұмыстар ауданға қарасты Құмтиын, С.Қожанов, Нұртас, Қаражон, Егізқара, А. Үсенов, Ынталы, Ойық, Қазақстанның 30 жылдығы, Еңбекші Дихан және Оранғай елді мекендерінде жүргізілді. Барлығы 11 елді мекенде залалсыздандыру шаралары атқарылып, олардың ішінде 4 елді мекен арнайы жоспарға енгізілген.

Жоспар бойынша жалпы көлемі 26 866 500 шаршы метр тегіс және бұталы аумақ өңделуі тиіс. Қазіргі таңда оның 10 191 000 шаршы метрі өңделіп, жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.

Залалсыздандыру жұмыстары дельтаметрин және дельтекс препараттары арқылы жүргізілуде. Бұл препараттар кенелерге қарсы тиімді әсер етіп, олардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Мамандар тұрғындарды табиғат аясында жүрген кезде сақтық шараларын сақтауға, қорғаныш киімдерін пайдалануға және кенеден қорғану ережелерін ұстануға шақырады. Сауран ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН: ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАУҺАРЫ АТТЫ АЙМАҚТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

САУРАН: АУДАН АУМАҒЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі