
Буккросинг -құнын жоғалтпайтын кітаптың айналыста жүруін қамтитын шара. Бұл бір жағы табиғи ресурстарды үнемдесе, екінші жағынан адамды рухани байытады.
Осыған орай, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханасында
«Оқыған кітабыңмен бөліс» тақырыбында буккросинг өтті. Шараға қалалық «Ішкі саясат бөлімінің» басшысы Бақытжан Бөкебаев, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлзада Малдыбекова мен қалалық Көпсалалы Медициналық колледжі, Қ. А. Ясауи колледжі, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі, Түркістан жоғары медицина колледжі студенттері қатысты.
Жиынның басты мақсаты — оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жаңғырту, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаларға оқырмандарды тарту.
Шара барысында қатысушылар оқыған кітаптарынан алған әсерімен бөлісіп, алда қандай бағыттағы кітап оқығысы келетіндігін жеткізді.
Басқосу соңында ұйымдастырушылар шараның жүйелі жалғасатынын айтты.

