kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ДӘУРЕН АЙМАНБЕТТІҢ «ӨМІР – ӨЛЕҢ» АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

8 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Әлем жаңалықтары
0
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Жылдың үздік ақыны», «Алтын қалам» иегері Дәурен Айманбеттің «Өмір – Өлең» атты поэзия кеші өтті. Әдеби жиынға ақын, аудармашы Абай Қалшабек модераторлық етті. Кеш шымылдығын Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері автордың «Мең» циклі желісімен сахналық қойылымымен ашты. Сонымен қоса «Жұмбақ қыздан келген хат», «Сен және Мен», «Мен ертең жол жүремін!» композициялары сахналанады.
Мазмұнды шараны облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып берді. «Түркістан облысының құрылғанына биыл 5 жыл! Аз уақыттың ішінде облыс орталығында көз тартар жаңа ғимараттар соғылды. Осындай мәдени ошақта енді әр апта сайын ақын-жазушыларымыздың кештері,жастар арасында поэзия кештері жиі өтуі керек. Мемлекет басшысы Түркістанға сапарында қалаға тарихи елорда мәртебесін беру жөнінде айтқан болатын. Ондай мәртебе үшін ұлттық құндылықтарымызға үлес қосып жүрген әдеби ортаның маңызы зор» деді Бейсенбай Дәулетұлы. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары арнайы құттықтау хат пен жақында ғана өмірден өткен қаламгер Мархабат Байғұттың қолтаңбасы қойылған «Түркілер төрі – Түркістан» кітабын табыстады.
Поэзия кешінде студент жастар мен ақынның өзі сырлы өлеңдер оқыды. Сонымен қатар Захардин Қыстаубаев, Бақытжан Алдияр, Бекарыс Шойбеков, Ғалымжан Елшібай, Гүлнар Өмірбек, Асылзат Арыстанбек, Бейсенкүл Нарымбетова, т.б. өлкемізге белгілі зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар жылы лебізі мен ақынның жарына алғыс білдірді. Ал кейіпкердің анасы Қалдыкүл Төлегенқызы және сынып жетекшісі бала Дәурен жайлы естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында әсем әуен шырқалып, келген қонақтар рухани байып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Алдағы уақытта Түркістан төрінде бұл бағыттағы мазмұнды кештер, ақын-жазушылармен кездесулер тұрақты түрде өтетін болады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА 64 ДОЙБЫДАН КӨРУ ЖӘНЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АББАТТАНДЫРУ БАҚЫЛАУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі