kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 64 ДОЙБЫДАН КӨРУ ЖӘНЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

6 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Спорт
0
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістандағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің кешенінде тұңғыш рет 64 дойбыдан көру қабілеттері мен есту мүшелері зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Қазір мемлекет тарапынан елімізде мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Өңірде де бұл бағытта жұмыс жүруде.
Бұл Қазақстан чемпионатына республикамыздың барлық аймақтарынан 200-ге жуық спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдауда. Мақсат – Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құраманы жасақтау.
Жоғары деңгейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатын Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Сауран» мүгедектерге арналған спорт клубы ұжымы ұйымдастырды.
Жарыстың ашылуы рәсіміне арнайы қатысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова жеңіске деген құлшыныстары жоғары спортшыларға сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасының сурдолимпиада комитетінің бас бапкері Максим Рожков та жарысқа қатысушы спортшыларға құттықтау сөз сөйлеп, ел чемпионатының өз биігінде ұйымдастырылғанын жеткізді.
Ал,Түркістан облысындағы арнайы мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының директоры Абай Қазиев ел чемпионатының маңыздылығы туралы айта өтті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 10 сәуір күні анықталады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА БІРІНШІ КӨПСАЛАЛЫ IT МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ДӘУРЕН АЙМАНБЕТТІҢ «ӨМІР – ӨЛЕҢ» АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі