Жалпы, шаһардағы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 34 жалғыз ілікті қарт, 108 ерекше қажеттілігі бар бала, 5 ерекше қажеттілігі бар азамат тіркелген.
Олармен қалалық «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» 27 әлеуметтік қызмет көрсететін күтуші қызмет көрсетеді.
Оның ішінде жеке басты қарттарды күтушілер – 5 болса, 22 маман ерекше қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетеді.
Одан бөлек, 300 ерекше қажеттілігі бар бала үйде білім алу қызметіне жүгінеді.
Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 18 ерекше қажеттілігі бар бала кешенді қызметтермен қамтылды.
Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым 70 ерекше қажеттілігі бар балаға күндізгі бөлімшеде әлеуметтік қызметтер көрсетеді.


