kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КҮН СӘУЛЕСІНЕН ЭНЕРГИЯ АЛАТЫН СТАНЦИЯ АШЫЛДЫ

21 апреля, 2023
in Білім, Саясат
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КҮН СӘУЛЕСІНЕН ЭНЕРГИЯ АЛАТЫН СТАНЦИЯ АШЫЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде (NIS) күн сәулесінен энергия алатын станция өз жұмысын бастады.
Нысанның ашылуына Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және ТМД елдеріндегі «Шелл» компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі вице-президенті Джоанна Кунсберг, «Мектептерге күн энергиясы» жобасының жетекшісі – Ринат Хусаинов қатысты.
2022 жылы құрылысы басталған нысанның жалпы ұзындығы -75 метр, биіктігі- 5 метрге жуық.
  «Шелл» энергетикалық ұйымының қолдауымен ашылған станцияның фотоэлектр тақталары мектепте 100 кВт энергия шығаратын күшке ие.
Жүйе мектептің бір жылда тұтынатын электр қуатын 30%-на дейін қамтуға, коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды қысқартуға, өндірілген энергияның артық бөлігін қала желілеріне бағыттауға, солайша энергияны едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.
 Нысан «Мектептерге күн энергиясы» атты халықаралық пилоттық жоба аясында іске қосылды.
Аталған жоба бірнеше өзекті мәселені шешуді көздейді: жас буынның жаратылыстану ғылымдарына, технологияға, инновацияға және кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандағы энергетикалық ауысым туралы білімдерін нығайтуға көмектеседі.
Жоба Қазақстанның 5 қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында іске асырылуда, олар: Астана, Орал, Атырау, Ақтау және Түркістан.
Жалпы станция, NIS пен «Шелл» арасындағы «Мектептерге күн энергиясы» бірлескен жобасының бесінші фотоэлектрлік жүйесі. «Шелл» — штаб-пәтері Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан энергетикалық халықаралық концерн.
Станция ашылуы рәсімінде шаһар басшысы сөз алып,станцияның қаланың инфрақұрылымына едәуір көмегі тиетіндігін айтты. Сондай-ақ, нысан құрушыларына алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Келесі болып сөз алған Джоанна Кунсберг нысанның халықаралық деңгейде танымал қалада орналасқанына қуанышын жеткізді.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 27 ӘЛЕУМЕТТІК МАМАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Келесі жаңалық

Түркістан қаласының Бекзат секторы тұрғындары кезекті рет отбасының қуанышына себеп болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі