kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДОНОР БОЛЫП ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Спорт
0
ДОНОР БОЛЫП ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Хожа Ахмет Ясауи университетінде «Донор болып өзгеге өмір сыйла» әлеуметтік-жауапкершілік жобасы өтті. Онда университет қызметкерлері мен студенттері қан тапсырды.
Аталған игі шарадан университет басшылары да қалыс қалмады. Сауапты істі көпке үлгі ету мақсатында арнайы қатысып, донор болды.
Өз кезегінде әлеуметтік-мәдени вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, бұл шараның әлеуметтік-жауапкершілік жобалардың ішіндегі ең сауапты жоба екендігін жеткізді.
Қан – адам ағзасының маңызды компоненті.
Түрлі жағдайда көп қан жоғалту қауіпті. Осындай сәтте тіршілік нәріне бір тамшы қанымен өмір сыйлаушы донорлар көмекке келеді. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын 200 мыңнан астам қазақстандық қан тапсырады екен. Соның ішінде 18 мыңға жуығы үш және одан да көп рет қан тапсырушылар қатарында. Мұндай жұмыс миллиондаған адамның өмірін құтқарумен қатар көптеген науқастың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сол себепті өтеусіз донорлар мен еріктілер, студент жастар мен қызметкерлеріміздің донорлықтың дамуына ерекше үлес қосып жатқанын мойындауымыз керек.
Айта кетейік, Халықаралық қазақ-түрік университеті мұрындық болып ұйымдастырылып жатқан жобалардың жалпы саны – 16. Барлық жобалардың негізгі мақсаты, қоғамға пайдалы болу, университет танымалдығын арттыру, оқу ордамыздың отыз жылдық тәжірибесі мен білімін қоғамның барлық топтарымен бөлісу.
Бүгінгі таңға дейін, үш жоба толығымен жүзеге асып, арнайы кездесулер өткізілді. Ал «Донор болып өзгеге өмір сыйла» жобасы төртінші әлеуметтік-жауапкершілік жобасы болып табылады. Алдағы уақытта 16 жоба аясында түрлі салаларды қамтитын кездесулер мен шаралар өз жалғасын табатын болады.
Алдыңғы жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ АРАЛАУЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨГАЛДАНДЫРУЫНДА ОЗЫҚ ТЕХНИКАЛАР ҚОЛДАНЫЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі