Түркістан қаласының 626 гектар аумағына күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде шаһарда 32 саябақ, 49 сквер, 127 гектарға созылған 16 жасыл алаң бар.
Халық жайлылығы үшін жасалған демалыс орындарындағы ағаштар, өсімдік, гүлдердің күтімінде озық техникалар қолданылуда.
Атап айтқанда ағаштардың орын ауыстыру үшін, ағаш тәждерін реттеуге гидробиіктеткіш көліктер бар. Сондай –ақ бұталарды кескіш, ауа компрессоры, су шашқыш көлік, орылған шөптерді жинауға арналған кабиналы және кабинасыз моторелдер күші жұмылдырылған.
Одан бөлек- моторлы көгал орғыштар, көгал тракторлары, көгалды аэрациялау машиналары да қала көркі үшін жұмыс жасауда. Және ағаштардың, көгалдардың күтіміне тыңайтқыш шашуға арналған арнайы машиналар, аспалы құрылғылар мен шаңсорғыштардың септігі тиюде.



