kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

БЕРЕКЕ БАСЫ-БІРЛІК

1 мая, 2023
in Қоғам
0
БЕРЕКЕ БАСЫ-БІРЛІК
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Даласы дархан, халқының пейілі дария, қай кезде де асқақ арман мен биік мақсатқа ұмтылған еліміз бүгінде әлем картасында орны белгіленген қуатты мемлекетке айналды. Бұл намысқа берік, рухы асқақ ұлттың үлкен жетістігі. Іргенің сөгілмеуі, тұғырдың беріктігі — бекем бірліктің жемісі.
Қадірменді жерлестер!
Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігін ұлықтайтын күн.
Қазақ елінің тамыры ынтымақпен бекіп, бауырмалдықпен тереңдегенін біз өткенімізден білеміз. Ұлы даланың тарихында қалыптасқан үрдіс пен құндылықтар әлі күнге мемлекет тұтастығының берік негізі болып келеді. Қазыбек бидің:
«Төрімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа — ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!» деген даналығы қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтпаған, бүгінгі бейбіт күніміздің шынайы бағасы дер едім.
Киелі шаһарымыздың бүгінгі баянды тірлігінде, үлгі боларлық үйлесімінде барлық тұрғындарымыздың үлесі бар. Түркістан қалалық өзбек мәдени орталығы, славян мәдени орталығы, «Ахыска» Түрік мәдени орталығы Түркістанның түрленіп, гүлденуіне ат салысып, дамуды көздейтін бастамалардың басынан табылып жүр. Ол үшін әрине, шынайы ризашылығымды білдіремін!
Құрметті қауым!
«Тату елге — тыныштық пен тоқшылық нәсіп». Бұл көнеден қалған ұлағат.
Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, елімізге амандық, мол ырыс пен бақ тілеймін!
Ізгі ниетпен, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

КЕҢЕС НӘДІРҚҰЛОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі