kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ӘН МЕН ӘЗІЛ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ТҮРКІСТАНДЫҚ КӨРЕРМЕНГЕ ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ

5 мая, 2023
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
«ӘН МЕН ӘЗІЛ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ТҮРКІСТАНДЫҚ КӨРЕРМЕНГЕ ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде «Ән мен әзіл» атты мерекелік концерт өтті.
Аталған шара Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның 60 жылдығына және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының 15 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған. Мерекелік шара Руслан Ақынбековтің орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнімен басталды.
Мерейтойлық жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысты.
Концерт барысында сөз алған сатира театрының негізін қалаушы Уәлибек Әбдірайымов: «Біздегі қос ұжымды байланыстыратын дүние – қасиетті өнер, содан соң қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов. Бұл кеште көрші екі мекеме бірін-бірі толықтыра түседі. Көрермен саф өнердің екі бағытын да қатар тамашалайтын болады», – деді.
Күннұр Қалмырзаева мен Жандос Өсербай тізгіндеген кеште «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Яссы» және «Фараб» би тобы, «Сарын» тобы, Ақмарал Биназарова, Әсима Тілектес, Нұржан Жүсіпбеков, Руслан Ақынбеков, Мағжан Әлтенбаев, Тұрар Әлменов, Алмасқожа Мұзаппаров және Данияр Барыс сынды дарындар мен сатира театрының Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора, Нұржан Құлшынбаев бастаған үздік әртістері өнер көрсетті.
Терең тарихы мен жеткен жетістігі көп қос өнер мекемесінің бірлескен шарасы сәтті шығып, түркістандық көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН МЕН ХУДЖАНД ЕНДІ БАУЫРЛАС ҚАЛАЛАР

Келесі жаңалық

Қалалық тәжірибелік семинар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі