Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Қазыбек би атындағы « №14 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 3 мамыр «Тілдік дағдыларды дамыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» атты қалалық семинары болып өтті. Семинардың мақсаты: ағылшын тіліндегі жобалар арқылы оқушылардың тыңдалым және айтылым , оқылым дағдыларды дамыту. Ал
міндеті: Оқушылар ағылшын тілін қолдана отырып, өздерін сенімді және жайлы сезінуі. Ағылшын тіліндегі оқушылардың сөздік қорын байыту.
Бұл ән , бұрынғы әннен өзгерек демекші , бұл семинар қаламыздағы этноауылда ерекше форматта болып, ағылшын тілі бірлестігінің сабақты тиімді ұстастыруға арналған түрлі әдіс-тәсілдеріне арналған көрмесі мен жаңа жобаларымен таныстырудан және мектеп оқушыларының әдеби сазды бағдарламасынан басталды. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы қонақтар мен балалар үшін тамаша табиғатта өтілген іс-шараға қатысушы қаламыздағы ағылшын тілі пән мұғалімінің жас мамандарына, ұйымдастырушы мектеп ұжымы мен қатысушы оқушыларға ізгі ниетпен жасап жатқан жұмыстарының жемісті, алып жатқан білімдерінің табысты, шығармашыл ұстаздар мен дарынды шәкірттердің жеңісті күндері көп болсын деп жүрек жарды тілегін арнады. Сонымен қатар , «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» — демекші әрдайым ұлттық құндылығымыз, тіліміз бен дәстүрімізді жадымызда ұстап, санамызда жаңғырта беруден жалықпай, талмай еңбек етіп, білім алудан шаршамай, қанаттанып , алған білімізді елімізді көркейтіп, қаламызды дамытуға арнай берейік деп сөзін қорытындылап өтті. Іс-шара : «Folk tale», «Pupet show», «Modern fables», «ReadX», «Speaking Club» сынды жоба қатысушыларының жұмысымен таныстырумен жалғасын тапты.
«Folk tale» жобасын ағылшын тілі пән мұғалімі Г.Шалапова жүргізеді. Жоба мақсаты: театрландырылған қойылымдар арқылы балаларды ағылшын тіліне баулу, тілін дамыта отырып,сөйлеу интонациясын қалыптастыру,өмірге оң көзқарас танытып, икемдеу, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болса, «Puppet show» жобасына ағылшын тілі пән мұғалімі Р. Ибадуллаева жетекшілік жасайды. Жобаның мақсаты: қуыршақтарды қолдану арқылы материалды есте сақтаудың беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз ету, ауызша сөйлеуді жетілдіру, логикалық ойлауды дамыту, іс жүзінде шығармашылықты жетілдіру. Ал «Modern fables» жобасының ұйымдастырушысы ағылшын тілі пән мұғалімі А.Әлімбек . Жоба мақсаты: білім алушыларға оқытылатын ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, күнделікті өмір жағдайында сөйлеу дағдыларын жаттықтыруға мүмкіндік беру болмақ. Сол секілді «ReadX» жобасының жетекшісі ағылшын тілі пән мұғалімі Д.Аминова . Жобаның мақсаты: ағылшын тілінде өз ойын білдіруге және сөйлесуді түсінуге үйрену; кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу. Ал
«Speaking club» жобасын тәжірибелі ағылшын тілі пән мұғалімі А.Қалдыбекова жүргізіп келеді. Бұл жобаның мақсаты: ағылшын тілінде өз ойын білдіруге және сөйлесуді түсінуге үйрену. Іс-шара соңы келген жас мамандармен бірге ағылшын тілі пәнінің мұғалімі тәжірибелі ұстаз А.Қалдыбаева «Пікірлер алаңы» панелдік отырысын өткізді. Семинар жөнінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жапахова мектеп миссиясы саналатын жеті қазына аясында қатысушылардың пікірін ортаға салып тыңдалды. Іс – шараны қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ж.О. Сералиева мен мектеп басшысы Ж.Ж. Сүлейменова қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді. Ерекше форматта өтілген іс – шара көпшілік көңілінен шықты. Іс – шараны ұйымдастырған Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Қазыбек би атындағы № 14 жалпы орта мектеп ұжымына толағай табыс тілейміз.


