kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІ ҮЛГІ ЕТТІ

13 мая, 2023
in Білім, Билік, Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІ ҮЛГІ ЕТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанның құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Қазығұрт ауданының мәдениет күндері жалғасып жатыр.
Бүгін Этноауыл аумағында «Ұлт тәрбиесінің өзегі – ұлттық тағам» атты ұлттық тағамдар көрмесі, «Ата салтым – алтын қазынам» атты салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері және «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті. Қала тұрғындарынан бөлек, шетелдік туристерге қарын бүрме, әлім ботқа секілді ұлттық тағамдар түрі ұсынылып, дайындалу тәсілдерімен бөлісті.
Сонымен қатар кілем тоқу, ұршық иіру, киіз басу, жүн түту әдістерімен танысқан қала қонақтары ерекше таңданысын білдіріп жатты.
Шара барысында қазығұрттық өнерпаздар «Айдар шаш алу» дәстүрі мен әдет-ғұрып көріністерін сахналады. Киелі шаһарға келген туристер аудан өнерін тамашалап қана қоймай, ұлттық спорт түрлерінен – қой көтеру, асық ату, қол күрес және қазақ күресі сайыстарына да қатысты.
Ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту мақсатында өтетін фестиваль ертең де көпшілікті тәнті етпек. Атап айтсақ, 14 мамыр күні сағат 19:00-де «Өнері өрлеген өлке» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді.
Алдыңғы жаңалық

ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШЫРҚАҒАН ПАТРИОТТЫҚ РУХТАҒЫ ӘНДЕР КӨПТІҢ КӨҢІЛІН СЕРПІЛТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі