kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ОТБАСЫ. ТҰЛҒА. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

16 мая, 2023
in Жаңалықтар, Саясат, Қоғам
0
«ОТБАСЫ. ТҰЛҒА. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА  ФОРУМ ӨТТІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «Отбасы.Тұлға.Азаматтық қоғам» — атты түркістандық ата-аналар форумы болып өтті.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Баян Айтбекқызы, «Түркістан қалалық әйелдер алқасы» ҚБ төрайымы Ұлжалғас Әбенқызы қатысты. Сондай-ақ, кездесуде қоғамдағы түрлі отбасылық психолог, отбасы академиясының негізін қалаушылар мен отбасылық дәрігергерлер өздерінің баяндамасын жасады.
Форум Түркістанда отбасы инистутын нығайтуға, бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлін арттыруға, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын — алу бойынша мәліметтермен ата-аналарды, келген қонақтарды хабардар ету мақсатында ұйымдастырылған.
«Халқымыз үшін отбасы ұғымы аса маңызды. Расында әрбір отбасы – тұтас қоғамның айнасы. Отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүр сақталған Түркістан өңірі демографиялық өсім бойынша көш бастап келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік және қоғамдық институттар тарапынан отбасылардың әл–ауқатын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Біз жылдағы дәстүрмен облысымызда кезекті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын бастадық. Бұл шын мәнінде нағыз халықтық қолдауға ие ұлттық жобаға айналды. Бүгінде кейбір БАҚ елімізде отбасылық құндылықтардың өзгергенін жазып жатады. Дегенмен, шын мәнінде, біздің қоғамда үлгі болатын отбасылар өте көп. Әртүрлі жобалар мен байқаулар бізге осыны көрсетіп келеді. Қуатты мемлекет те, ынтымағы жарасқан қоғам да – ең алдымен бірлігі бекем, берекесі мол отбасынан құралады. Өнегелі отбасылар – ертеңгі ел басқаратын зиялы азаматты да тәрбиелейді, бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастырады»,- дейді Бейсен Дәулетұлы.
Алдыңғы жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШЫРҚАҒАН ПАТРИОТТЫҚ РУХТАҒЫ ӘНДЕР КӨПТІҢ КӨҢІЛІН СЕРПІЛТТІ

Келесі жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі