Түркістанда кезекті рет «Барыс бала» байқауы өтті.
Дәстүрлі жалғасып келе жатқан байқау Түркістан облысының 5 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Байқауда «Түркістан — ер түріктің бесігі» тақырыбында «Үздік эссе», «Үздік өлең шумақтарын жазған» жеңімпаздар анықталды.
Жүлделі орындарды анықтауда журналистика, білім беру саласында еңбегі сіңген мамандар қазылық етті. Атап айтқанда, ҚР журналисттер одағының мүшесі Ләззат Қаныбекқызы, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Балтакул Оспанқызы мен ҚР білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының кандидаты Баян Садыққызы үздіктерді іріктеді.
Шараға Түркістан қаласының әкімі мен Түркістан қалалық мәслихаты депутаттары, шаһар белсенділері қатысты.
Жиында құттықтау сөз алған шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков келушілерді «Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
«Отбасы құндылығының бірі — бала бойына қазақылықты сіңіріп, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Елдің құраушысы болған әр отбасында Отанға деген сүйіспеншілік, жерге деген жанашырлық білім арқылы беріледі, тарих арқылы ойға түйіледі. Бүгінгі байқау да жастардың арасында осындай жақсы қасиеттерді дамытуға өзіндік көмегін тигізеді. Рухани орталықта осы тектес шараларға әрқашан қолдау болады» деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Байқауда «үздік эссе» жарысына қатысқан 30 оқушының ішінен бас жүлдені Назым Медеубекқызы, бірінші орынды — Арай Ерланқызы алса, екінші орын- Саидмариям Расуллақызы, үшінші орынды Азия Сержанқызы, Камилла Тастанбек және Алтынай Құлмурзаева иемденді.
Ал, «Поэзия жанры» бойынша 16 оқушы қатысып, оның ішінде үздік өлең шумағының иегері — Гүлжан Мұратбекқызы атанды.
Екінші орын- Ақмоншақ Берікқызы,
үшінші орын- Мейіржан Байжанұлы, Нариман Әбдікерімұлы және Мухлиса Дильшадқызына бұйырды.



