Түркістан қаласында балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізу үшін — Құшата жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды.
5 маусымда жұмысын бастаған лагерге биыл 900 бала демалады. Онда 2 сыныптан 9 сыныпқа дейінгі жастағы балалар қабылданады.
6 маусымға бөлініп жұмыс жасайтын лагердің бірінші кезеңінде бүгінде 150 бала демалыс өткізуде.
Аталған жазғы сауықтыру лагеріне әлеуметтік әлсіз топтағы, көпбалалы отбасы мүшесі, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар қызмет алады.



