Бүгін Түркістан қаласына түрлі салада еңбек сіңірген, жалғыз ілікті және ерекше қажеттілігі бар қарттарға құрмет көрсетілді.
Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қалалық Ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты.
Сондай-ақ, игі шарада қарттардың батасын алуға қаланың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлы мен қалалық мәслихаттың депутаттары да арнайы қатысты.
Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев шаһар басшысының жылы лебізін жеткізіп, құттықтау сөзін айтты.
Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қариялардың жағдайын жақсартуда жүзеге асып жатқан түрлі жобалар мен шаралардың көңілге қуаныш сыйлайтынын сөз етті.
Басқосуда қала әкімінің сыйлығы үлестіріліп, көпшілік назарына арнайы дайындалған концерт ұсынылды.



