Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 11 318 азамат бар.
Жыл басынан бері ерекше қажеттілі бар 3645 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген.
Шілде айының қорытынды көрсеткіштеріне сәйкес, 341 азамат протез ортопедиялық құралдармен, 50 тұрғын сурдо техникалық құралдармен қамтылса, тифло техникалық құралдар 166 адамға берілді. Сонымен бірге, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 170 азамат қамтылған. 1085 тұрғын шипажай орталықтарына жолдама алған.
Одан бөлек, мүгедектігі бар 287 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 119-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген.
Ал, міндетті гигиеналық құралдармен 1461 тұрғын қамтамасыз етілді.


