Түркістан қаласында 6 сектор құрылғалы әр шағын ауданның жылда арнайы жоспары бекітіліп, жүйелі жүзеге асырылады.
Соның бірі- Бекзат секторында өткен жылы бірқатар тындырымды істер жасалды. Атап айтқанда, ұзындығы 6 шақырым жолға ауыз су жүйесі тартылып, іске қосылды. Нәтижесінде 386 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылды. М.Жұмабаев пен Мұстафин көшелері қиылысына жаңа трансформатор орнатылды.
Т.Бәйтерекұлы, І. Есенберлин көшелерінде орналасқан көп қабатты 2 тұрғын үйге толық жөндеу жұмысы жүргізілді. Т.Бәйтерекұлы, Есенберлин, Құлан Ақын, Т.Әбуов көшелерінде 5 балалар ойын алаңшасы бой көтерді.
Тұрғындар өтініші негізінде О.Жандосов, А.Үсенов, Самал көшелеріне 18 аялдама қойылып, №30 қоғамдық көлік бағытына 10 жаңа автобус қосылып, 10 дана жаңа автобус №31 қоғамдық көлік бағытында жұмыс жасауда.
Сондай- ақ, 40 көшеге тас, 5 көшеге асфальт төселді. 10 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.
2023 жылы құрылысы басталған А.Навои және Жәңгір хан көшелеріндегі жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі. Жолаушылар жайлылығы үшін Қалаби көшесі 4 жолаққа кеңейтіледі.
Биылғы жылы Бекзат секторы 1200 орынды жайлы мектеппен толығады.
Жоспар бойынша сектордағы «Нұр» мектебі аумағына саябақ салынып, 2 балалар ойын алаңшасы жасақталмақ. Темір жол вокзал аумағындағы жаяу жүргіншілер көпірі абаттандырылып, тұрғындар өтініші бойынша №3 қоғамдық көлік бағытына өзгерту енгізілмек.
Одан бөлек, 2023 жылдан өтпелі 98 шақырымды құрайтын орталық кәріз жүйесінің құрылысы жүруде. Бүгінде оның 72 шақырымы аяқталды.
Жалпы, Бекзат секторында 47000 тұрғын, 7400 тұрғын үй орналасқан. Онда 118 көше, 5 мектеп, 8 балабақша, 1 аурухана, 84 кәсіпкерлік нысан бар.



