kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ АПТАЛЫҚ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

29 января, 2024
in Жаңалықтар, Руханият, Саясат
0
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ АПТАЛЫҚ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте күн тәртібіне сәйкес, «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС бас директорының орынбасары Ерлан Мелдебеков сөз алып, электр қуатымен қамту бойынша инвестициялық жобалар мен жоспар жөнінде баяндама жасады.
 Баяндамашының мәлімдеуінше Түркістан қаласын электр қуатымен жабдықтаудың негізгі көзі — 110 кВ-тық Л-173, Л-174, Л-177 және Л-169 (қосалқы станция ЖБИ — қосалқы станция Шәуілдір) қосалқы трансформаторлары қуаттылығы 2х125 мВА (KEGOC АҚ) 220/110кВ Кентау қосалқы станциясы.
 Қалада қуаттылығы 110 кВ қосалқы 5 станция және қуаттылығы 35 кВ қосалқы 13 станция орналасқан. Бүгінгі таңда облыс орталығын электрмен жабдықтау белгіленген трансформаторлардың жүктемесі рұқсат етілген шекте жүзеге асуда.
 Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі теңгеріміндегі, қуаттылығын арттыруды қажет ететін 14 трансформатордың қазіргі таңда 10-ы ауыстырылды.
 Тұрғындардан жарықтың сөнуіне қатысты шағымның жиі түсетінін айтқан Нұрбол Әбдісаттарұлы:
— Жыл өткен сайын жарықтанған көше саны да, баспана қатары да артып отыр. Ал, сіз ұсынған көрсеткішке сенсек, электр қуатын тұтыну деңгейі төмендеген. Мұны қалай түсінеміз? Шынайы жағдай мен есепте айырмашылық бар. Әкімдіктен ұсыныс күтпей, өздеріңіздің тараптарыңыздан сараптама жүргізіп, жоспарлы түрде жүйені жетілдіру керек. Сіз де, біз де өз міндетімізге жауапкершілікпен қарайық, — деді.
 Сонымен қатар, даму жоспарын түзуде тұрғындардың санының өсу динамикасы, трансформаторлардың тозу мерзімі ескерілуі тиіс екенін атап өтті.
 Шаһар басшысы салаға жауапты орынбасары мен тиісті бөлім басшысына жобаларға қатысты ұсыныс әзірлеуді тапсырды. ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ АПТАЛЫҚ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Алдыңғы жаңалық

БЕКЗАТ СЕКТОРЫ БИЫЛ 1200 ОРЫНДЫ МЕКТЕППЕН ТОЛЫҒАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 100-ДЕН АСТАМ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі