Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Сауран секторындағы кездесуінде бірқатар мәселелер көтерілді.
Тұрғын алаб азаматтарының атқарылатын биылғы жылғы жұмыстарға бойынша ұсыныстарын жеткізіп, жеке өтініштерін айтты.
Өтініштер мен ұсыныстар орындау кестесіне түзіліп, уақыты белгіленді.
Өткен жылы аталған секторда 238 мәселе көтеріліп, оның 233-і орындалып үлгерген. Қалған 5 тапсырма 2024 жылдың жоспарына қойылған болатын.
Орындалған тапсырмалардың көрсеткіші бойынша
Сауран секторында 2023 жылы 1 шағын м/а және 2 шағын м/а электр бағаналары жаңартылды. Өтемісұлы, Нысанбаев, Әуезов , Төлебаев, Жұбанов, Бекежанов, Юлдашев, Тұрманов, Д.Нысанбаев көшелері сапалы жарықшаммен қамтамасыз етілді.
Б.Майлин, Сұлтанов, Ыбыраев, Байтұрсынов көшелері мен Кенесары көшесі қиылысына жаңа трансформаторлар орнатылып, Баянауыл елдімекеніне 11 электр бағанасы қойылды.
Сектордың 18 көшесіне кәріз құбыры тартылып, 70 көшеге ауыз су жүйесі жүргізілді.
Тұрғын алабтағы Оңдасынов көшесі, Нысанбаев, Дүйсенбеков, Алтынсарин , Балақаев көшелері мен 1-ші мөлтек аудандағы екі тұрғын үй алдына, Рысқұлов, Ерубаев, Нұрпейісов көшелеріне дренаж қазылды. Жолаушылар жайлылығы үшін 6 аялдама қолданысқа берілді. 33 көше жарықшамдармен қамтамасыз етілді.
1-ші және 2-ші шағын мөлтек аудандары мен Ж.Қыдыр және М. Өтемісұлы, Нысанбаев көшелеріне балалар ойын алаңшалары жасақталды.Ал, биыл сектор жоспарында 1 -2 шағын мөлтек аудандардағы ауыз су құбырларын жаңарту, Мақтазауыт және ТГЖД аумағындағы ауыз су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған.
Жұмыс нәтижесінде 13 607 абонентке таза ауыз су қолжетімді болады.
Баянауыл елдімекеніндегі 2265 абонентке кәріз жүйесі тартылады. М.Маметова, Сәуірбаев, Жұмасейтов, Нұрпейісов көшелеріне жарықшам бағаналары қойылады.
Ы.Дүйсенбаев, Т.Рысқұлов , Ақжар көшелеріне балалар ойын алаңшалары салынып, Кенесары, Нышанов, Б.Майлин көшелеріне аялдамалар салу жоспарланған.
Сонымен қоса, биыл сектордың 6 көшесіне тас төселіп, тұрғындар өтініші бойынша 9 және 9А бағыттарындағы автобустар сыйымдылығы жоғары қоғамдық көлікке ауыстылады деп күтілуде.



