Түркістан қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Мәжілісте комиссия мүшелері Малика Әбдрашқызы «Саналы ата-аналар», Рухабза Рустамқызы «Әйелдердің тұлғалық дамуына ықпал ету» тақырыбындағы және Амангелдиева Дариға Жұмабекқызы «Әйелдерге арналған жүктілікке дайындық жене босанғаннан кейінгі күтім жасайтын оқу бағдарламасын жасау» атты жаңа әлеуметтік-иновациялық жобаларын таныстырды.
Комиссия мүшелері аталған жобалардың бүгінгі қоғамымызда өте маңызды екендігін алға тартып, халықтың игілігіне асыру үшін барлық бағытта қолдау көрсетілетіндігін айтты.
Бұған қоса комиссия отырысында қоғамдағы өзекті мәселелер – отбасылық құндылықтар, бала тәрбиесі туралы қозғалып, пікірлер талқысына салынды.


