Облыс орталығында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.
Жарыс Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл толуына орай, «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты ұранымен Ауған соғысының ардагері Мамраймов Аппаз Ерқанатұлын еске алуға арналған.
Додада елі
міздің түкпір-түкпірінен жиналған 11-12 жас аралығындағы 296 спортшы бақ сынауда.
міздің түкпір-түкпірінен жиналған 11-12 жас аралығындағы 296 спортшы бақ сынауда.Спортшылар: Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарымен қатар, Шымкент, Түркістан қалаларынан келіп жарысуда.
Республикалық бәйгені қалалық «Мәдениет, Тілдерді дамыту, Дене шынықтыру және спорт бөлімінің» спорт саласы секторының меңгерушісі Марат Асилбаев ашып, №4 Балалармен Жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Болат Саттарханов спортшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, ардагердің көзін көрген азаматтар тұлға жайлы естеліктерімен бөлісті.
Айта кетейік, турнир 19-ақпанға дейін жалғасады.

