«Ұлы Дала Елі» орталығында 21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай «Экскурсовод мамандығының қыр сыры» атты тренинг өтті.
Орталық экскурсоводтары ұйымдастырған бұл тренингтің мақсаты – жас мамандарды және осы сала бойынша тәлім алып жүрген оқушы қауымына жұмыс барысын қыр-сырымен бірге көрсету және таныстыру болатын. Сонымен қатар шеберлік сағатында экскурсия жүргізу барысындағы ұстану керек негізгі аспектілермен таныс болды.
Тренинг соңында қатысушыларға арнайы алғыс хат пен кішігірім сыйлықтар табысталды.


