Арыс қаласының Орталық стадионында өткен тартысты матчта жергілікті «Арыс» футбол клубы Қазақстан чемпионатының екінші лига командалары арасындағы 4-тур ойынында «Ордабасы (жастар)» командасының 2:0 есебімен анықталып, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері бастаманы өз қолына алды. Бірінші таймның 33-минутында команда ойыншысы Диас Исақұлды сәтті аяқтап, есепті ашты. Бұл гол команданың рухын көтеріп, ойынның қарқынын үдетті.
Екінші таймда да «Арыс» футболшылары ширақ қозғалысдап, қарсылас команда қақпасына қысымды күшейтті. Ақыры еңбектері ақталып, Ерболат Құралбаев әдемі соққымен есепті 2:0-ге жеткізді.
Ойын бойы арыстық жігіттер ұйымшылдық пен тәртіпті ойын үлгісін көрсетті. Қарсыластың бірнеше шабуылдарына лайықты тойтарыс беріп, өз қақпаларын голдан аман сақтап қалды.
Бұл жеңіс – команда жаттықтырушылары мен ойыншыларының еңбектерінің жемісі. «Арыс» футбол клубының кезекті жеңісімен құттықтаймыз, алдағы ойындарда да толағай табыс пен сәттілік тілейміз!


