Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында көптен күткен қуаныш болды. Қала орталығынан ең шалғай орналасқан ауылдастардың тұрмысын жеңілдететін табиғи газ жүйесі іске қосылып, салтанатты түрде алғашқы алауланды.
Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық басқару Қайрат Ахметов, мердігер мекеме өкілдері, сала мамандары және ауыл тұрғындары қатысты. Шаһар басшысы байырқұмдықтарды қуанышты сәтпен құттықтап, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.
Жалпы, Байырқұм ауылы — тарихы терең, Сырдария жеріндегі іргелі елді мекен. Ауылға газ өндіру жобасы аясында ұзындығы 24,01 өндірістік газ құбыры тартылды. Жоба бойынша 56 абонент немесе 3,5 мыңнан астап тұрғын табиғи газға қол жеткізіп отыр.
ендірілген Байырқұм ауылында тұрғындар су жағып, күл шығарып әуре болмайды. Таза әрі тиімді отын – табиғи газ әр шаңыраққа жылу мен жайлылық сыйлайды. Бұл – отбасылар үшін тек тұрмыстық жеңілдету ғана емес, қосымша уақыт пен ақшаны үнемдеудің де пайдасы.
Салтанатты шара барысында ауылда алғашқылардың бірі болып үйіне газ қосқан Баймахан Арапбайұлының қала әкімі мен сала мамандары арнайы барып құттықтады. Зейнеткер табиғи газдың көмегімен зор қуанышпен қабылдап, бұл ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам екенін атап өтті.
Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары да бұл игі істердің жалғасын табарына сенім білдіріп, қуаныштарын білдірді.
Алдағы уақытта Байырқұмнан кейін Жиделі, Көкжиде, Аққала елді мекендері де кезең-кезеңімен табиғи газ жүйесіне қосылатын болады.
