Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына зиян келтіретін шегірткелермен күрес мәселесіне ерекше назар аударып, олардың алдын алу үшін бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы орайда, шегірткелердің ауыл шаруашылығына тигізетін зиянына байланысты Үкімет тарапынан тиісті шаралар қабылданды.
Сауран ауданы баспасөз қызметі хабарлауынша, Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округінің жайылымдық жерлерінде марокко шегірткесіне қарсы жоспарлы түрде химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зиянкес жәндіктердің таралуының алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аудандағы жұмыс Бақытжан Бөкебаевтың тікелей бақылауында. Ол арнайы бөлінген жер теліміне барып, жасалып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, тапсырмалар берді. Жалпы өңделетін аумақ — 400 гектар.
Өңдеу жұмыстары кезінде “Тиаметрин” атты инсектицид қолданылады. Бұл препарат 1000 литр суға 3,33 литр контейнерде жиналып, дайындалған әр 10 гектарға шашылады. Осыған орай, 400 гектар жерге қажетті дәрі дайындалып, техникалар арқылы себілуде.
Қолданыстағы дәрі-дәрмек ауыл шаруашылығы сусындар және адам мен мал үшін қауіпсіз деп танылған. Қолданба, дәрі себілген аумаққа жақындамауға, мал жаймауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтыққа шақырамыз.
Бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерден қорғау арқылы өндірісті арттыруға және шаруаларға келетін экономикалық залалды сақтауға бағытталған.
Барша тұрғындардан сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.

