Сауран ауданының жер санаттары бойынша МӘЛІМЕТ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №579 қаулысы негізінде Кентау қаласының шекарасы өзгертіліп, 6460077,41 гектарға өзгерді.
Жер санаттары төмендегідей бөлінген:
1.Сауран ауданының жалпы жер көлемі – 6460077,41 га;
2.Ауылшаруашылығы мақсатында бөлінген жерлер – 312341;
Оның ішінде: Жайылым жерлер — 243518 га;
Суармалы жерлер — 51516 га;
- Елді-мекен жерлері – 66806;
Қазақстан Респбуликасы Жер Заңнамасын бұза пайдаланып отырған жер учаскелерін анықтап тиісті органға жолдау бойынша
Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімімен Қазақстан Республикасы Жер Заңнамасының талаптарын бұзып пайдаланып жатқан (мақсатына сай пайдаланылмай жатқан, ор қазу, мия қазу, жайылымды суармалы ретінде пайдалану) 15 жер учаскесі анықталып жалпы алаңы 4717,0 гектар жер телімін тиісті шара көру үшін Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.
САУРАН АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМ
ЖЕРЛЕРДІ ҚАЙТАРУ БАРЫСЫ
Қазақстан Республикасының Президентінің 01.09.2021 жылғы жолдауы бойынша, «Жайылымдық жерді тиімді пайдалану мақсатында» Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының жоспарына сәйкес Сауран ауданында бүгінгі күнге дейін ортақ жайылымға алынған жер көлемі 55 мың га;
- Ортақ жайылымға нақты қолда бар сәйкестердіру құжаты (гос акт) 25 мың га;
- Елді мекен жайылымы үшін ауылдық округтің теңгеріміне бекітіліп берілгені 29 мың га;
Сауран ауданына қарасты ауыл округтердің елді мекен шегінде өз бетінше тұрғын үй салып жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді заңдастыру барысы туралы.
Сауран ауданы бойынша өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жалпы 1132 жер пайдаланушы анықталған. Бұл ретте айыппұл төлей отырып заңдастырып алған 84 жер учаскесінің құжаттары толығымен рәсімделген. Қалған 1011 жер учаскесін заңдастыру Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің құзыретіне енгізілді.
Қазіргі таңда, Қарашық ауылдық округінен 25 жер учаскесіне, Шаға ауылдық округінен 24 жер учаскелеріне 138 мың теңге айыппұл салынды. Алдымыздағы аптада Шорнақ ауылдық округінен 40 жер учаскесіне айыппұл салу көзделуде.
Үшқайық ауылдық округі аумағынан инвесторларға ұсынылатын жер учаскелері туралы
Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округі аумағынан инвесторларға ұсынылатын жер учаскесінің ықшам сызбасы әзірленіп жалпы алаңы 10,9 мың га жер учаскесін құрайды.
Қазіргі таңыда, жалпы алаңы 4,9 мың га жер учаскесі мемелекет меншігіне қайтарылып, қалған 16 жер пайдаланушының жалпы алаңы 2,5 мың га жер учаскелерін қайтару мақсатында тиісті хабарламалар жолданып Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне хатпен жолданды.
Сауран ауданынан инвестициялық жобаларды дамутыға ұсынылған жер учаскелері барысы туралы
Облыс әкімдігі тарапынан тұт ағаштарын отырғызу мақсатында берілген тапсырмасына сәйкес Жүйнек және Ескі Иқан ауылдық округітері аумағынан жер учаскелері таңдалып жалпы 171 жер пайдаланушының жалпы алаңы 13,1 мың га жер учаскесін қайтаруға тапсырма берілді.
Тапсырмаға сәйкес, түгендеу жұмыстарының барысы бойынша жер учаскелерінің нысаналы мақсаттары жайылым 11,9 мың га, суармалы 1,2 мың га анықталып, 48 жер пайдаланушының жалпы алаңы 4,3 мың га жер учаскесіне ҚР Жер кодексінің 65- бабына сәйкес хабарламалар берілді.
Сауран ауданы бойынша игерілмей жатқан жерлерді түгендеу жұмыстарының барысы туралы
Сауран ауданы әкімдігінің 10.04.2024 жылғы №39 н/қ өкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топ Үшқайық, Бабайқорған, Майдантал, Қарашық, Шорнақ, Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауылдық округтерінде рейдтік шаралар жүргізді. Нәтижесінде 72 жер пайдаланушының 1371,0 гектар жері игерілмей жатқандығы анықталып жұмысшы топ құрамымен жер учаскелерінің басында акт түзілді. Аталған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында Түркістан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті шара қабылдау үшін әкімдік тарапынан хат жолданды.
Сауран ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару барысы туралы
Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан 6,0 мың га жер учаскелерін қайтару жоспарға сәйкес Сауран ауданы әкімдігінің 10.04.2024 жылңы №39 н/қ өкімімен жұмысшы топ құрылып 70 жер пайдаланушының жалпы алаңы 9,1 мың га жер учаскелері мемелекеттік арнаулы қорға қайтарылып, жоспар 151,6 %-ға орындалды.
Жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатудан 303-101 кодына түсетін түсімдер
2024 жылдың жоспары бойынша 452,2 млн белгіленген. 2024 жылы 510,4 млн түсім түсті. Жоспар 112,9 % орындалды.
Оның ішінде:
- Аудан бойынша жоспары 209,1 млн, орындалуы 209,3 млн теңге (100 %).
- Ауылдық округ бойынша жоспары 243 млн, орындалуы 301,1 млн теңге (123,9 %).
Жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда саттықта (аукцион) сатылған жер учаскелері туралы мәлімет.
2024 жылы аукцион негізінде жалпы саны 21 жер учаскесі ойнатылып, 41,8 млн теңге бюджет есебіне түсім түсті.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурстық негізде табыстау туралы.
2024 жылы Сауран ауданы бойынша жалпы 120 жер учаскесі конкурстық негізде табысталуға әзірленуде. Аталған жер учаскелерінің далалық зерттеу актісі дайындалып, жерге орналастыру жобасы әзірленіп бекітілді. Алдағы уақытта конкурс электронды нысанда өткізу жоспарлануда.
Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасымен бекітілген бұйрықтар бойынша ақпарат
2024 жылдың 12 айында Сауран аудандық жер қатынастары бөлімімен жалпы саны 3611 бұйрық бекітілген
Оның ішінде: 831 бұйрықпен бекітілуден бас тартылған
Жер комиссиясы бойынша ақпарат.
2024 жылы Сауран ауданды әкімдігінің жанынан құрылған 35 жер комиссия отырысы өткізіліп, 1310 өтініш қаралып тиісті шешімдер қабылданған.
Жер учаскесін жалғы немесе жеке меншікке сатуға арналған келісім шарт бойынша ақпарат
2024 жылы жалға алу келісім шарты негізінде 3266 шарт түзілген және Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу келісім шарты 782 рәсімделінген.
2025 жылғы атқарылатын жұмыстар
Сіздің бастамаңызбен 2025 жылдық іс-шара жоспары бекітілді.
Атап айтқанда:
Түркістан қаласы және Сауран ауданы шекара (шегін) нақтылап бекіту жұмыстарын жүргізу.
Сауран ауданы аумағындағы 21 елді мекендердің шекараларын (шектерін) өзгерту және бөлгілеу жұмыстарын жүргізу.
Әр ауылдық округтердің елді мекен шекара аумағындағы жер учаскелеріне сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер учаскелерін конкурстық негізде табыстау бірінші тоқсанда өткізу жұмыстары ұйымдастырлуда.
Атап айтқанда:
- Бабайқорған а/о 38 лот жалпы алаңы 554,0 га,
- Үшқайық а/о 7 лот жалпы алаңы 1203,0 га,
- Шаға а/о 17 лот жалпы алаңы 300,0 га,
- Жүйнек а/о 6 лот жалпы алаңы 90,0 га,
- Шорнақ а/о 3 лот жалпы алаңы 77,0 га.
Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және 303-101 кодына түсетін түсімдерді белгіленген жоспардың орындалуын жүзеге асыру. (560 млн тг)
Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерге жұмысшы тобын құрыплып, тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі.
«Түркістан қаласы маңынан Шығыс айналма жолының (30 шақырым) құрылысы үшін» Қарашық, Шаға ауылдық округтерінен өтетін жалпы 112 жер пайдаланушының тиісті қаражатын төлеу үшін республикалық бюджетке өтінім беру.
Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жолды қайта құру бойынша Сауран ауданына қатысты бөлігі 40 жер пайдаланушы анықталып мемелекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу.
«Жасыл аймақ» КММ -не Тұқым бағы үшін Қарашық ауылдық округі аумағынан 120,0 гектар жерге орналасқан жер пайдаланушылардың жер телімдерін мемелекет мұқтаждығына алу жұмыстарын жүргізу.
«Turan» арнайы экономикалық аймағынан әуежай аумағына дейін салынатын темір жол құрылысын салуға арнлған жер учаскелерін мемелекет мұқтаждығына алу жұмыстарын жүргізу.
Сауран ауданының жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту жұмыстарын жүргізу
Үшқайық ауылдық оркугіне қарасты Теке, С.Қожанов елді мекендерінде орналасқан су ұнғымаларын және бас жоспарға сәйкес жер учаскелерін мемелекет меншігіне қайтару.
Сауран ауданы аумағынан 2021-2024 жылдар аралығындағы табысталған бау-бақша және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінің мақсатына сай пайдалануы бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
Ауылдық округі бойынша өндірістік, мал бордақылау, балық шаруашылығын дамыту мақсатында жер телімдерін инвесторларға ұсыну жұмыстары жүргізілуде.
Сауран аудандық жер қатынастары
бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев.
