Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Ер есімі – ел есінде» ұстанымы аясында еліміздегі батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтау мақсатында маңызды шаралар жүзеге асырылды.
Сауран ауданы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 Мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы Сауран ауданында жоғары деңгейде атап өтілді. «Ер есімі – ел есінде» атты шара халық батыр бабалар рухына деген тағзымы мен құрметінің айғағына айналды.
Салтанатты іс-шара аудандағы зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастардың жетекшілері қатысуымен Жеңіс саябағында өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып келумен ашылып, Әнұранның асқақ әуенімен басталды. Майдан даласында жанын пида еткен қаһармандардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіліп, саябақтағы ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.
Мерекелік шара Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ашылу салтанатында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық әкімдіктің төрағасы Сержан Байсбаев құттықтау сөз сөйлеп, батыр бабаларымыздың ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбектің маңызын атап өтті. Мемлекетіміз жарлығына сәйкес, Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ардагерлерге бұл құрметті марапатты ауданға арнайы табыстады.
Шара барысында аудандық ақсақалдар алқасының жетекшісі Балтабай Жарылқасынов, «Аманат партиясы» аудандық филиалының директоры Сағынбек Асылбеков, Ауғанат соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Ақай Тілес те сөз алып, жиналған қауымды Ұлы Жеңістің мерейтойымен құттықтап, бейбіт өмірдің қадірін ұлықтауға шақырды.
Концерттік бағдарлама барысында патриоттық әндер шырқалып, жастардың әскери-патриоттық қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жас сарбаздардың шынайы қойылымдары әсіресе ел рухын көтеріп, көрермендердің көңілін толқытты.

