kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАНДА БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

14 мая, 2025
in Жаңалықтар, Руханият
0
САУРАНДА БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы әкімдігінің хабарлауынша ауданда Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілік пен тұрақтылықты Қазақстанның басты құндылықтары ретінде атап, бұл ұстанымдарды ел дамуының негізі деп санайды. Ол Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі елдің тұрақты дамуы мен өркендеуінің кепілі екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Мысалы, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде Президент:

«Бейбітшілік пен тұрақтылық – тағдырдың бізге бере салған сыйы емес. Бұл – бір ел, бір халық болып атқарып жатқан қажырлы еңбектің жемісі» десе, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президентіміз:

«Бейбітшілік пен келісім – ел бірлігінің негізі. Бұл құндылықтарды сақтау – әрбір азаматтың борышы» деп айтып өтті.

Президенттің бұл сөздері Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы ұмтылысын және бұл құндылықтардың ел болашағы үшін маңыздылығын көрсетеді.

Мерекелік жиынның басты мақсаты – ұлттар арасындағы татулықты насихаттап, бірлік пен бейбітшіліктің қоғам үшін маңызын көрсету.

Сауран ауданындағы «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара  мемлекеттік рәміздермен әрленген сахнада салтанатты фанфармен ашылды. Жүргізушілердің мерекелік лебізінен соң сөз кезегі аудан әкімі Мақсат Таңғатаровқа берілді. Ол өз құттықтау сөзінде:

– Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 Мамыр – халық бірлігі күні – бейбітшілік пен ынтымақтың айқын көрінісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан халқының бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Сан ұлтты бір шаңырақ астында ұйыстыра білген еліміз бүгінде тұрақтылықтың үлгісі болуда. Бұл жетістіктеріміздің негізінде әр азаматтың татулық пен түсіністікке қосқан үлесі жатыр, – деді.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байспаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков және өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков құттықтау сөз сөйлеп, барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Мерекелік бағдарламада аудан өнерпаздары ән шырқап, бейбітшілік пен достықты дәріптейтін хореографиялық қойылымдар сахналанды. «Достық» ансамблінің орындауындағы түркі халықтарының музыкалық попурриі көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар бірігіп «Елім менің» әнін орындап, достық пен ынтымақтың рухын ерекше сезіндірді.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА СУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

"ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ": ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі