kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ, ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ.

16 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экономика
0
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ, ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ.
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол қаржылық және цифрлық сауаттылықты мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыту қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы цифрлық технологиялардың күнделікті өмірге енуі түрлі алаяқтық әрекеттердің көбеюіне себеп болып отырғанын айтты. Сондықтан азаматтардың қаржы және экономика негіздерін білуі, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеруі аса маңызды екенін жеткізді.

Президент сондай-ақ «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өтті. Бұл жоба азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған. 2023 жылы 65 мың адам қатысқан бұл бастамаға 2024 жылы одан да көп адамның қатысуы күтілуде.                                        Осылайша, Президент қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы азаматтардың алаяқтық әрекеттерден қорғануын және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздеп отыр.                    Президент жолдауы негізігде Түркістан қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің «Белсенді ұзақ өмір», «Тең қоғам» бөлімінің қызмет алушыларына «Қаржылық сауаттылық» арттыру мақсатында( банктық ақша аударым, алу салу және кредит рәсімдеу, алаяқтардан сақтану) бойынша АО «Евразийский банк» қызметкерлері Омар Ұлбике, Төрехан Мақсат түсіндірме жұмыстарын жүргізді.                                                                                              Қаржылық сауаттылық – адамның жеке қаражатын дұрыс басқару, табыс пен шығынды жоспарлау, қаржы құралдарын тиімді пайдалану қабілеті. Ол әр адам үшін өмірлік маңызды дағды болып табылады.                                                                                                    Қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы:

  1. Қаржыңызды дұрыс басқаруға көмектеседі

– Айлық табысты тиімді бөлуге, артық шығыннан сақтануға үйретеді.

  1. Қарызға батудан қорғайды

– Несие алғанда пайыздық мөлшерлемелерді түсінуге, шарттарды салыстыруға, қарызды уақтылы өтеуге мүмкіндік береді.

  1. Болашаққа сенімділік береді

– Жинақ жасауға, инвестициялауға, зейнетке дайындалуға мүмкіндік береді.

  1. Алаяқтардан қорғайды

– Қаржы пирамидалары, жалған несиелер, онлайн алаяқтықтар туралы білімді арттырады.

  1. Төтенше жағдайларға дайын болуға көмектеседі

– Күтпеген шығындарға (ауру, жұмыссыздық, төтенше жағдай) қаржылық жастық қор жинауға үйретеді.

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

Түркістанда “Абилитация” атты іс-шара өтті!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі