kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Абзал жүректер тоғысқан кеш.

16 мая, 2025
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
Абзал жүректер тоғысқан кеш.
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша  Түркістан қаласында жүрекке жылу сыйлаған, мейірім мен шабытқа толы ерекше шара – “Абилитация” атты кеш өтті. Бұл кеш – тек мәдени іс-шара ғана емес, қоғамда өз орны бар ерекше жандардың рухын көтеріп, олардың еңбегін құрметтеуге арналған шынайы ықылас алаңы болды.

Шараға Түркістан қаласының дамуына үлес қосып жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтар, спорт ардагерлері мен қоғам белсенділері жиналды. Кештің шымылдығын Түркістан қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбет, әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева және бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев ашып, жүрекжарды тілектерін арнады.

Кеш аясында “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” қызметкерлері қолөнер мен шығармашылық бұйымдардан тұратын көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, №1 Арнайы кешен балабақша–мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен өзге де ерекше жандар өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттарға ие болды. Бұл кеш – шектеу тек санада екенін дәлелдеген, абзал жүрек иелерінің рухын биіктеткен әсерлі басқосу болды.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда “Абилитация” атты іс-шара өтті!

Келесі жаңалық

ЕР-ЕЛ ҚОРҒАНЫ: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі